Жарияланған күні: 05.06.2017 12:21
Өзгертілген күні: 06.06.2017 13:02
Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық  филиалының конференцзалында  (Көкшетау қ., Абай к. 96 үй, 8 қабат мекен жайы бойынша) 2017 жылғы 07 маусымында сағат 14-00-те «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларын ақпараттық алып жүру бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізіледі.
Аталған шараның мақсаты заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.
Осыған байланысты БАҚ пен қатысам деушілерге есік ашық. 
Қосымша ақпарат алу үшін телефон +7(7162) 72-12-42/72-11-96.