Жарияланған күні: 18.10.2017 18:16
Өзгертілген күні: 18.10.2017 18:17

2017 жылғы 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында 2017 жылғы 12 мамырдағы ҚР ҚМ «Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» №301 бұйрығымен бекітілген жаңа электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен жаңа толтыру ережелері қолданылуда.

2015 жылғы 9 ақпандағы №77 Бұйрығына сәйкес  ағымды электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен толтыру ережелері 2017 жылғы 1 қазанынан бастап заңды күшін жояды.

Электрондық нысанындағы есеп-шоттары мен толтыру ережелерінде электрондық шот –фактурасын толтыру мен жазып беру әдісін басшылыққа ала отырып,  талап ететілетін негізгі қағидаларымен қамтылған.

Осы Ережелерімен ҚР аумағында барлық салық төлеушілерімен қолданатын  жеке ЭШФ-ның нысаны да бекітілген.

Электрондықмен шот –фактурасы 14 тараулардан тұрады.  Салық төлеуші осы тарауды толтыру кезінде, сатып алатын тауар, жұмыс пен қызмет көрсету және мәмілелердің тараптары туралы ж.т.б. барлық қажетті мәліметтерді көрсетеді. Кейбір тараулары, мысалы, тауар жеткізуші мен тауар алушы туралы деректемелерді көрсету үшін тарауы және жалпы мәліметтерді көрсетуімен тарау да толтырылуға міндеттенеді. Жалпы жағдайындағы тараулар бөлігі толтырылуға міндеттелмейді. Мысалы, Мемлекеттік мекеменің Деректемелері атты тарау, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алуы тек мемлекеттік мекеменің мекенжайына жүзеге асырылған жағдайында толтырылады. Ал сатып алу ММ-нің емес- жеке немесе заңды тұлғанын мекенжайына жүзеге асырылған жағдайда, тарау толтырылмайды.

ЭШФ –нің жазып беру датасы мен тіркеу нөмірлерін көрсетуімен жолдары (ЭШФ АЖ) электрондық есеп-шоттарында ақпараттық жүйесімен автоматты түрде толтырылуда және қолмен редакциялануына арналмаған.

Басқа жолдары  дербес ЭШФ-ның жазып беруін жасайтын жауапты тұлғамен толтырылады. Егер қосымша немесе түзетілген құжат жазып берілсе, тарауда ЭШФ түріндегі, сондай-ақ ағымды жазып берілген бастапқы құжат туралы  мәліметтер көрсетіледі.

Жазып беру датасы атты жолы келесі жағдайда толтырылады:

егер қағаз тасымалдағышта шот-фактураны жазып беру күніне мұндай шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру бойынша талап болмаса, бұрын қағаз тасымалдағышта жазып берілген шот-фактураға түзетілген, қосымша ЭШФ жазылып берілген жағдайда;

      егер қағаз тасымалдағышта шот-фактураны жазып беру күніне мұндай шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру бойынша талап болмаса, қағаз тасымалдағышта бұрын жазып берілген шот-фактураны ЭШФ АЖ-дан қайтарған жағдайда.

Жазып беру кезеңінде жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі жоқ кезінде факт бойынша ЭШФ-сын жазып беру мүмкін емес.

Жазып беру кезеңінде ЭШФ АЖ уәкілетті органмен бекітілген техникалық проблемалар туындаған жағдайда, есеп-шот фактурасы қағаз  тасымалғышта жазып беріледі.

Техникалық проблемаларды жойған кезінде, қағаз тасымалғышта жазылған күнін көрсетуімен ЭШФ-сы жазып беріледі.2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап 1 қазаң мерзімі дейіңгі аралықта ҚР аумағында енгізілген өзгерістерін есепке алуымен, 2015 жылғы 09 ақпанындағы ҚР ҚМ Бұйрығымен бекітілген есеп- шот фактурасы қолданылды.

2017 жылғы 01 қазанынан бастап аталған нысаны мен толтыру ережесі күшін жояды,  жаңа 2017 жылғы 12 мамырдағы ҚР ҚМ №301 Бұйрығы қолданысқа енгізіледі.

1 қазанынан бастап қолданысқа енетін ЭШФ нысаны бұрын қолданылған нысанынан ерекшелігі бар: нысанда толтыру үшін жолдар  мен тараулар саны көбейтілген. Ал, енді ЭШФ  тауар жеткізуші, әрі алушының өкілдерінің (операторларының) атынан  да ресімдеуге құқылы, осы үшін нысан ішіне жаңа I  және J тараулар қосылды.

Бірлескен қызмет қатысушыларына (тауар жеткізуші мен тауар алушыға  бірдей) қатысу үлесін көрсету үшін қосымша төркөздер қосылған. Бұрын осы мәліметтер нысанында көрсетілмеген.

Нысанында ҚР Салық Кодексімен белгіленген жағдайда қағаз жеткізгіште есеп шот-фактурасы жазылған датасын көрсетуге арналған қағаз жеткізгіштегі жазып беру Датасы (Күні) үшін жол қосылды. Тауар жеткізуші мен алушылардың санат тізбесі де кеңейтілген. Тауар жеткізуші үшін халықаралық тасымалдаушы, сенім білдіруші атты санаттар қосылды. Алушы үшін- сенім білдіруші, бөлшек сауда және басқалар атты санаттар енгізілді.

Қосымша деректерді көрсету үшін бұрын төркөздерде көрсетілген мәліметтер мамандандырылған төркөздерге шығарылған.