
Еліміздің жетістіктеріне үлкен үлес қосқан біздің ардагерлердің өміріндегі жинаған мол тәжірибелері, кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Рухани, адамгершілік құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпақка жалғастырып келе жатқан да осы қариялар.
Олардың бірі Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев, ол 10 жылдан астам Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесін жетекшісі болып келеді. 2014 жылы салық, кеден және қаржы полициясының қызметтерін біріктіру кезінде Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің қатарында 120 дан астам зейнеткер бар.
Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен сипатталады, оның үлкен беделі өңірде танымал.
Ардагерлер үшін кездесулер, табиғатқа саяхаттар, бейне конференциялар ұйымдастырылуда. Бұл шаралар барысында олар кең өңірлеріндегі бұрынғы әріптестерімен көрісуге мүмкіндік алады.
Дәстүр бойынша, жаңа жыл қарсаңында ардагерлер сыйлықтарға ие болады.
Ардагерлер ұйымының мүшелері бұл кісі туралы «іскер адам» ретінде мінездеме береді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы ардагерлер ұйымын әрдайым қолдайды.
Ардагерлер Мемлекеттік кірістер департаментінің өміріне белсенді қатысуда.
Олар жұмысқа кандидаттарды қабылдау кезінде байқау комиссясына, сондай-ақ қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу кезінде байқаушылар ретінде қатысады.
Бірде бір мереке, Мемлекеттік кірістер департаментінің спорттық және мәдени шаралар ардагерлер кеңесінен назарынан тыс қалмайды.
Демеушілікке алған Зеренді ауданы Қызыл тан ауылының орта мектебінің оқушыларымен кездесу барысында Теңбай Сәпиоллаұлы соғыс жылдарында, құрдастарымен жастарына қарамастан, ауылдық жұмысқа тынымсыз еңбек еткені және соғыстан кейінгі кезеңде елді қалпына келтіргені туралы естеліктерімен бөліседі.
Мерей той иесін маңызды күнімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев, Мемлекеттік кірістер комиттінің Ардагерлер қауымдастығының төрайымы Балжан Айтышқызы Сеилова,
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев құттықтады.
Құрметті Теңбай Сапиоллаұлы!
Сізді 80 жылдық мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді осы таңда адам өмір жолының асқар биігі, Салық саласының қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде танимыз. Сіз еліміздің дамуына өз үлесіңізді қостыңыз. Тынбай еңбек еттіңіз. Бүгінгі күні де Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ардагерлер одағының төрағасы ретінде әрі қарай елімізге еңбек сіңіріп келесіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды адалдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз.
Бұл жылдар Сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Сізге Қазақстан Республикасының салық саласында адал еңбегіңіз үшін шын алғысымызды білдіре отырып, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы