
Жаһандану дәуірінде ағымдағы қауіп-қатерлерді қабылдаушы жаңа ұрпақты тәрбиелеу өте маңызды болып табылады.
Қалыптасқан ізгі дәстүр бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері Сандықтау балалар үйіне сапарымен барып қайтты.
Балалардың үлкен қуанышына орай сыйлық ретінде мектеп сөмкелер мен рюкзактар әкелді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығында бастау алған біздің қолдау бастамамыз әрі қарай жалғасуда – деді Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшының орынбасары Елдос Саудабаев - көмек көрсету материалдық-техникалық базасын нығайту, мектеп кітапханасының көркем әдебиеттермен және оқу-әдістемелік құралдармен қосымша толықтыру, бірлескен спорттық және басқада шараларды өткізу бойынша білдіріледі.
Біз балалар үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлғалар болады деп үміттенеміз.
Ерекше қуантатыны мүғалімдер балалардың дарындылықтарының дамуына жол ашуға тырысады.
Қазіргі танда балалар үйі заманға сай қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған, бүлдіршіндерде әр түрлі музыкалық аспаптар, ноутбуктар, компьютермен планшеттер бар.
Балаларда отан сүйгіштілік, туған өлкеге махаббат сезіммен негізгелген идеология қалыптастыруда.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері кейіннен өз қабілетін мемлекеттің гүлденуіне жұмсайды деген сеніміз мол.
Мереке соңында балалар алған сыйлықтар мен бірге естелік фотосуретке түсті.