
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Жемқорлықпен күрестің алдын алу шаралары» тақырыптары бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов қатысты.
Семинар жұмысы барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресің алдын алу және қолдау әдістері мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп, жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоятын, халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамның әр мүшесінің жемқорлыққа қарсы азаматтық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған превентивтік сипаттағы кешенді іс-шараларды өткізу жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Сыбайлас жемқорлық экономикалық өсу жолындағы ең iрi кедергі болып табылады – дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев - сондықтан әдiл болашақ үшін мемлекет онымен бiртұтас күрес жүргізу керек.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы бейнеролик көрсетілді.