
Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Ақмола облыстық кәсіпкерлер Палатасы жанындағы бухгалтерлер клубымен өзара іс-қимыл шеңберінде салықтөлеушілермен семинарға қатысты.
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Марина Орлова алдағы салықтық рақымшылық туралы және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын,
және бюджетке мiндеттi төлемдерді төлеу мiндеттiлетінің айтты.
Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Алмат Тасболатов
клуб мүшелерінің назарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер электрондық шот-фактура жазуға міндетті екенін жеткізді, және де импортталған тауарларды сататын барлық салық төлеушілер де.
Осыған байланысты, Салық міндеттемесін орындау мақсатында, Электрондық шот фактура ақпараттық жүйесіне WWW.ESF.GOW.KZ сайтында тіркеуден өтуге кеңес берді.
Шара барысында салық төлеушілер сұрақтарына жауап берілді.