Жарияланған күні: 01.02.2019 18:34
Өзгертілген күні: 04.02.2019 11:43

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылдың  қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  жоспар 102,2% орындалып мемлекеттік бюджетке 158 млрд. 743 млн. теңге түсті деп баяндады талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов - 2017 жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 24 млрд. 743 млн. теңгеге артық түсті.

      Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы  Бекболат Кокушевтың  айтуы бойынша департамент кедендік бекеттерде әр түрлі кедендік режимдерде 10 мың  429  тауар декларациясы ресімделген, олардың ішінде 6037   экспорттық декларациялар, 3374  импорттық декларациялар және басқа процедуралар бойынша – 1018 тауар декларация рәсімделген.

2017 жылмен салыстырғанда экспорттың өсуі 1685   декларацияға, және 256 декларацияға импорттың төмендеуі байқалады.

Кездесу барысында сондай-ақ, Департаменттің рейтинг көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмысы қаралды.

Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын және кеден бекеттерінің жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша, акциздерді әкімшілендіру бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Таукен Ошакбаев жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде жылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.

Шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны және  мінсіз мемлекеттік қызмет үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің құрмет грамотасымен Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер баксқармасының басшысы Майра Қарауылова және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен - талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов марапатталды.