Жарияланған күні: 07.03.2019 12:33
Өзгертілген күні: 07.03.2019 16:21
Көкшетауда «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев құттықтау сөзінде мемлекеттік органдарда жұмыс істейтінін әйелдер еліміздің экономиканың дамуына және республикамыздың әл-ауқатына үлкен үлес қосуда деп атап өтті.
Олар қызмет көрсету орталықтарында, кеден бекеттерінде сонымен қатар көлеңкелі экономикамен, салық және кеден саласында құқық бұзушылыкқа қарсы күрес атқаруда.
Олардың  жоғары кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік кез келген тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға көмектеседі.

Егеменді еліміздің биік белестерге көтерілуіне, нығаюына қосқан үлестеріңізге зор алғысымызды білдіре отырып, мереке күні Сіздерге мол денсалық, отбасыңызға амандық саулық, бірлік-береке, баянды бақыт, қызметіңізге табыс, сәттілік тілейміз!

Шара мерекелік концертпен жалғасты.