Жарияланған күні: 09.04.2019 17:21
Өзгертілген күні: 09.04.2019 17:23

«Қазақстан Республикасынадғы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 191 бабына сәйкес, экспорт кеден ресімімен тауарларды орналастыруға байланысты транзиттік декларацияны, жолаушы кедендік декларациясын, көлік құралына декларацияларды сондай-ақ, кедендік операцияны жасау кезіндегі тауарлар декларациясын кеден органының лауазымды тұлғасымен толтыруға рұқсат береді.

 

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасымен тауар декларацияны,  транзиттік декларацияны, жолаушы кедендік декларацияны немесе көлік құралына кедендік декларацияларды толтыруы декларант, немесе декларанттің атынан, немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаның жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
 
Өтінішті мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі  арқылы жіберуге рұқсат етіледі.
Өтініш декларант мәлімделген тауар және көлік құралдарын нақты ұсынған мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылады.
 
Жеке тұлғалардың жолаушы кедендік декларациясын толтыру үшін бірілген өтініштерін қоспағанда өтінішті қарау мерзімі ұсынылған сәттен бастап төрт сағаттан аспауға тиіс.