Жарияланған күні: 26.06.2019 11:56
Өзгертілген күні: 26.06.2019 11:58

   Көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында  алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру жөніндегі қызметтерді аутсорсингке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» РМК-ға беру жоспарланған.

Қағидада есепке алу-бақылау маркалары және акциздік маркаларды жасап шығаруды және оларды жеткізуді және алушыларға беруді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және алушылармен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым жүзеге асыратыны көзделген.

   Көкшетауда   «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының аланында  Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Костанай облыстарының өндірушілер мен импорттаушыларға арналған оқыту семинар өткізілді.

Шараның  тақырыбы «Қазақстан Репсубликасы  Ұлттық Банкі  Банкнот  Фабрикасымен  РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркалары мен басқа баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру» жаңа  ақпараттық жүйесі.

Бұл ақпараттық жүйесін есепке алу-бақылау маркалар   ақпараттық жүйесі орнына енгізу  жоспарланып отыр.

 Өндірушілерге және алкоголь өнімін импорттаушыларына ақпараттық жүйесінің функционалдық рөлі түсіндірілді, сондай-ақ осы жүйенің мысалында жұмысы көрсетілген.

Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Шара барысында қатысушыларға экскурсия ұйымдастырылды «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа  ақпараттық жүйес еңгізуі бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Костанай облыстарының Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинар өткізілді..

Алкоголь өніміне  есепке алу-бақылау маркаларын беру Банкнот фабрикасымен  осы жылда жүзеге асырылатын болады.