Жарияланған күні: 07.10.2019 11:57
Өзгертілген күні: 07.10.2019 11:58

Мемлекет басшысы өз Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдау жергілікті басқару ұйымдары тарапынан басты назарға алынып, осыған сәйкес заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажеттігін міндеттеген болатын. Көкшетауда бақылау-қадағалау органдарының алдында бизнес қауымдастығының «Бірыңғай есеп күні» өтті.

Аталмыш жоба алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Ашық алаңда өңірдің барша бақылау-қадағалау органдарының өкілдері бас қосып, кәсіпкерлер алдында есеп берді. Тексеру жүргізу барысында әкімшілік кедергілерді азайту үшін қандай нақты шаралар орындалу керектігі  айтылды.

Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Мусин қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында мемлекеттік кірістер органдарына қойылған міндеттерді іске асыру бойынша  жұмыс туралы атап өтті.

Бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп күні кәсіпкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіледі. Бұдан әрі мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерін бақылау және жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау, сонымен қатар, бизнес қауымдастықпен кері байланыс орнату жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Бейнесюжеттың толық нұсқасын https://kokshetautv.kz/kz/news/society/kesipkerler-kukygy-erekshe-koldauga-ie?fbclid=IwAR2vhBHxHLWhU-Sr_h59mEbs52sPs-WDQuc0KwEIB1XlP-CrigifzIb8kIw сілтемесі бойынша көре аласыз.