Жарияланған күні: 16.10.2019 17:35
Өзгертілген күні: 16.10.2019 17:36

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінен электрондық салық төлеуші ретінде есепке қою бойынша салық төлеушіні тіркеу есебі алынып тасталды, оның нәтижесі салық органының ЭЦҚ-сын беру болып табылады.

Осыған байланысты 2020 жылдан бастап салық органдары ЭЦҚ бермейді және бұрын берілген ЭЦҚ әрекет етпейді, яғни салық төлеушілер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы беретін Ұлттық куәландырушы орталықтың (ҰКО) ғана ЭЦҚ қолдануға және пайдалануға көшеді.