Облыстық «Қазақстан-Көкшетау» РТРК телеарнасының эфирінде Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова ағымдағы жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша мүлікті жәрия ету туралы ақпарат берді.
Ақмола облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарының комиссия арқылы 8,8 млрд.теңгені құрайтын 2292 объектісі жария етілді.
Облыстық мемлекеттік кірістер органдарына ақша қаражаттарын жария ету үшін екі арнайы декларация тапсырылды. Бұл ақшалай қаражаттар жария етілді.