
Салық кодексінің 432 бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуі Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты жәнеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағыдайда қайтарылымға жатады
Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады.
Өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобиль тұрағына немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-ойын сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі құрылыс кезеңі деп түсініледі.
Құрылыстың басталуы деп күндердің неғұрлым ертерегі:
1) құрылысты жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе жаңадан құрылған, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 282-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңін айтады.
Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда көрсетеді:
· өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар бойынша ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салықтық кезеңнен кейінгі салық кезеңдері үшін;
- геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салықтық кезеңнен кейінгі салық кезеңдері үшін.
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару жиырма салықтық кезең ішінде қайтаруға көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салықтық кезеңнен бастап тең үлестермен жүзеге асырылады.