Жарияланған күні: 23.04.2020 17:39
Өзгертілген күні: 23.04.2020 17:40

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығына байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, төтенше жағдай кезеңінде ҚР ҚМ 15.03.2018 ж. № 367 бұйрығымен бекітілген «Шетелдік тауарларды, оның ішінде ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есеп» есептілік нысанын СЭҚ-қа қатысушылар жарты жылда бір рет есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін (тоқсан сайынғының орнына) ұсынатын болады.
2020 жылдың 1, 2 тоқсандары үшін есептілікті 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін ұсыну қажет.