Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері ұйымдастыруымен Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері, сыртқы-экономикалық қызметі қатысушыларымен, салық төлеушілердің қатысуымен Мемлекеттік кірістер кодексін талқылау бойынша кезекті отырысы өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетімен құрылған жұмыс тобынын біріктірілген салық және кедендік кодексі дайындалуда.
Кері байланыс үшін www.kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы форум құрылып, соған жұмыс тобымен бизнес қауымының Кодекс жобасына ұсыныстары мен ескертулеріне шолу, талдау және талқылау жүргізіледі.
Апта сайын біздің бірлескен қажырлы жұмыстарымыз жалғасуда, ұсыныстарды әзірлеу және талқылау, салық пен кедендік ресімдерді біркелкілікке келтіру үшін және оларды жетілдіру мен жеңілдету – дейді Ақмола облысы бойынша Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бастығының орынбасары Валентина Геращенко- барлық сұрақтар мен өтініштер міңдетті түрде үндендіріліп, қарастырылады.
Шара барысында астық және майлы дақылдарды ресімдеуі, ҚҚС салық сатудан салығымен ауыстырылуы, корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығына қатысты кедендік және салық әкімшілендіру мәселелері бойынша құзыретті жауаптар берілді.
Өткізген кездесулер мен талқылаулар нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне жүйелі түрде туындаған ұсыныстар мен пікірлер жіберіледі.
Сонымен қатар келешекте салық және кедендік заңнамаларын түсіндіру бойынша кездесулер және дөңгелек үстел отырыстарың ұйымдастыруы ыңтасын қолдап, шешім кабыланды.