Жарияланған күні: 14.08.2020 20:29
Өзгертілген күні: 14.08.2020 20:30

2014 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жырлығымен салық және кеден органдарының функцияларын біріктіру жолымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.

 Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттің жоспары 102,9 пайызға орындалып, қазынаға 89 млрд. теңге түскен, өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 10,5 млрд. теңге артық түсті.

 Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 5 млрд. теңге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша қамералдық бақылау - 1 млрд. 635 млн. теңге, электрондық шот фактуралар және «Виртуалдық қойма» модульдің мәліметтерді пайдалануымен әкімшілендіру - 1 млрд. 321  млн. теңге, ҚҚС қайтаруды және асып кетуін әкімшілендіру - 327 млн. теңге,  салықтық тексеру – 558 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 712 млн. теңге.

Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде бес мыңнан астам  тауар декларациясы ресімделген.

Мемлекеттік кірістер департаментінің  сыртқы сауда айналымы 614 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде импорт 282  млн. АҚШ дол., экспорт – 332  млн. АҚШ дол. Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі де бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Жыл басынан бастап төрт жүз мыңдай мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 98 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі. Мереке құтты болсын!