
Құрметті салық төлеушілер!
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының байланыс орталығы арқылы 1414 телефоны бойынша салықтық кеңес беру желісі жұмыс істейді.
Қызмет еліміздің кез келген өңірінен салық төлеушілерге қолжетімді.
Салық кеңесшісіне бағыттау үшін Сіз 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз; сөйлесу тілін таңдаңыз; "4"қосымша нөмірін таңдаңыз.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығында үш оператор жұмыс істейді - Зульфия Сағымбекқызы Мейрамова, Майра Бабырқызы Рахметова және Ысқақов Нұрлан Темірханұлы.
Байланыс орталығының қызметін пайдаланыңыз!