Жарияланған күні: 02.11.2020 16:09
Өзгертілген күні: 02.11.2020 16:11

Қазақстан Республикасының тұрғындары салықтық рақымшылықты қолдана алады! Бұған жер, мүлік немесе көлік қарызы бар адамдар жатады.

-Заңда негізгі қарызды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  бас маманы Нұрлан Ысқақов.
 Салық кезеңі ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін мүлік, жер және көлік салығына қатысты.
Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «Каспи Банк», «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.

Бүгінгі таңда 13 мың 537 жеке тұлға бойынша бюджетке 182,6 млн. теңге негізгі қарыз түсті және 24,6 млн.теңге сомасындағы өсімақы есептен шығарылды.

Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына келудің қажеті жоқ, - деп хабарлады департаменттен. Өсімақылар, негізгі борыш сомасын өтеген кезде автоматты түрде есептен шығарылады.

Құрметті қазақстандықтар  салықтық рақымшылықты пайдаланып үлгеріңіз!