Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциясын орындайтын құрылымдық бөлімше болып табылады. Департаментте, экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлер арасында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру ережесіне сәйкес бекітілген жоспармен тұрақты түрде дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтары өткізілуде.
«Динамо» Денешыңықтыру спорт қоғамының спорттық базасында жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерімен нормативтерді тапсыру жүргізілді. Нормативтер өзіне - гір көтеруді, турникке көтерілуді, жатып таянуда қолдарды бүгу және жазуды, 60, 100 және 1 000 метрге жүгіруді енгізді. Нормативтер бірнеше жастық топтар бойынша қабылданды және жалпы барлық бөлімшелермен жақсы нәтижелер көрсетілгенін белгілеу қажет.
Біздің мекемеде қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығына үлген назар аударылатыны, күнделікті қызметте қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті физикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған шаралар ұдайы өткізіледі деп Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Байболов атап өтті.