Жарияланған күні: 31.05.2016 14:57
Өзгертілген күні: 31.05.2016 16:21

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Зеренді ауданы Қызылтаң  орта мектебінің оқушылары мен түлектеріне «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Шараның мақсаты мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің оң бейнесін қалыптастыру және балалар арасындағы тұлғалық өсу атмосферасын құру.

Шара барысында оқушылар мемлекеттік кірістер органдарының мұражайымен, «Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетімен, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу Орталығымен, салық және кеден саласындағы қызметтерлерінің негізгі бағыттары түсіндірілді, сонымен қатар Экономикалық тергеу қызметінің кинологы Анатолий Бочаров «Комба»  атты қызмет көрсету және тергеу итімен тренинг көрсетті.

Балалар шефтарға  экскурсия ұымдастырған үшін алғыстарын білдіріп, олардың кейбіреулері мектеп және жоғары оқу орындарын бітіргеннен сон мемлекеттік кірістер органдарға жұмысқа кіруге ниет білдірді.

Атап айтсақ мектептің бір түлегі Дәуренбек Жанбырбаев «кеден ісі» мамандығы бойынша жоғары білімді алып қазіргі танда Алматы қаласы боыйша Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс атқарады.

Оқушылардың арасында Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысы және жұмысқа қалай орналасу туралы кітапшалар таратылды.