
Салықтық тексерулер бойынша ТОП 10 сұрақ - жауап
Жауабы бар: салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады;
Жауабы бар: салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады; 3. Салықтық тексерулердің қандай түрлері бар? Жауабы бар: Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер және жоспардан тыс салықтық тексерулер; 4. Салықтық тексеру не негізінде жүргізіледі? Жауабы бар: салықтық тексеру нұсқаманы ңнегізінде жүргізіледі; 5. Салықтық тексеру жүргізуге нұсқаманы кім тапсырады? Жауабы бар: тексеруді жүргізетін салық органының лауазымды адамы нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді; 6. Салықтық тексеру актісі қанша данада жасалады? Жауабы бар: салықтық тексеру актісі кемінде екі дана болатын санда жасалады; 7. Салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі қандай? Жауабы бар: салық кодексінің 146-бабының 1-тармағына сәйкес нұсқамада көрсетілетін салықтық тексеру жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс; 8. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуге арналған нұсқамада қандай ең ұзақ мерзім көрсетілуі мүмкін? Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс; 9. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексеруді тоқтатуға жол беріле ме? Жауабы бар: жол берілмейді;
Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады. |