
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылдың 1 жарты жылдығының қызмет қорытындысы
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.
Департамент басшысының Ерлан Оразұлы Хасеновтың төрағалығымен аумақтық алқа отырысында мемлекеттік кірістер басқармаларының, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.
Кеңесті аша отырып, департамент басшысы барлық қатысушыларды кездесу регламентімен күн тәртібімен таныстырды.
Болжау көрсеткішткерін орындау, салықтарды әкімшілендіру, бақылау эконономикалық жұмысы, камералдық бақылау, берешектерді өндіріп алу мәселелері жөнінде Департамент басқармаларының басшылары сөз сөйледі.
2016 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша ҚР ҚМ МКК құзыреті шегіндегі мемлекеттік бюджетінің түсімдері бойынша болжау жоспары 109,4% орындалды немесе 4 662 млн.тенгеге артық орындалуымен, 49 807 млн.тг болжамында, шынында 54 469 млн.тг түскен. Оның ішінде республикалық бюджет - 121,5% немесе 4 594 артық; жергілікті бюджет – 100,2 % немесе 68 млн.тг. артық.
Мұнымен бiрге, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер өсімі қамтамасыз етілген, есептік кезеңі осы көрсеткіш 13 772 млн.тг. құрады. Оның ішінде республикалық бюджет - 55,7% өсті немесе 9 292 млн.тг, жергілікті бюджет – 18,7% немесе 4 480 млн.тг.
Кеңесте, жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.
Ерлан Хасенов жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.
Кеңес барысында аумақтық басқармаларының басшылары істелген жұмыстары жөнінде тындалды. 2016 жылдың 2 жарты жылдығының міндеттері айқындалды.
Ақмола облысы бойынша МКД-інің
Баспасөз қызметі