
В Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов ұжымды алдағы мерекемен құттықтай отырып, 21 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының қабылдануына қазақстандықтар дауыс беру арқылы даналық, халқының ынтымақ пен бірлігін көрсетті деп атап өтті.
Мереке қарсаныңда Ерлан Хасенов үздік қызметкерлер ата-аналарының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Олардың ішінде - салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Асқар Сейтеновтің ата-аналары - Арыстанбек мен Рауза Сейтеновтар, көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бақсармасының аға офицері Аблай Сәкеевтің ата-аналары - Хасен Сакеев пен Алма Аринова, және қаржы саласыныдағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Омар Әбдіғалиевтің ата-аналары Шәміл Әбдіғалиев пен Жания Исмағулова.
Жоғары нәтижелерге қол жеткізген және өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Департаментінің қызметкерлері Береке Байғожин, Ерболат Капезов және Валерий Бевзовой алғыстарымен марапаталды
Шара барысында ұжым «Қазақстан туралы ән» бейнефильмді тамашаланды.