
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы 9 айдың қорытындысы шығарылды.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 479 млрд. теңге түсті өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 99,1 % - ға немесе 238,6 млрд. теңгеге өсім байқалады.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 20 млрд. теңге астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 6,1 млрд. теңге, қамералдық бақылау - 6,9 млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 28 млн. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,5 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 306 млн. теңге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 273 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 2,3 млрд. теңге.
Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 11 474 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 72% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Жыл басынан бастап 620 мың 742 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.