Жарияланған күні: 19.10.2023 18:33
Өзгертілген күні: 19.10.2023 18:34

        

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы  9 айдың  қорытындысы шығарылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 479 млрд. теңге түсті өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда   99,1   % - ға немесе 238,6  млрд. теңгеге өсім байқалады.

               Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 20 млрд. теңге астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 6,1 млрд. теңге, қамералдық бақылау - 6,9 млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 28 млн. теңге,  салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,5 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 306 млн. теңге,  ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 273 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 2,3 млрд. теңге.
              Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 11 474 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 72% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Жыл басынан бастап 620  мың 742 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.