
Камералдық кедендік тексерулер жүргізу үшін негіздер:
- кеден және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған ақпаратты талдау нәтижесінде алынған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын деректер;
- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;
- Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу мүмкіндігін куәландыратын ақпарат;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің құзыретті органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасаған тұлғаға шетелдік тұлғамен тексеру жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер;
- адамның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;
- салықтық бақылауды, кедендік бақылауды өзге де нысандарда жүргізу және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау;
- кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барысында түспеген жауап алу жағдайлары;
- тексерілетін тұлғаны қайта ұйымдастыруға және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) құжаттар беруіне.