Date of publication: 19.03.2025 10:08
Date of changing: 19.03.2025 10:10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» жаңа ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – СӘИЖ) іске қосу шеңберінде «Оңалту және банкроттық» (бұдан әрі-ОжБ) оңалту және банкроттық рәсімдерінің бизнес-процестерін цифрландыруды көздейтін модулі енгізіліп, іске қосылғанын, сонымен қатар, сондай-ақ уәкілетті органмен және кредиторлармен электрондық түрде өзара іс-қимыл жасау мақсатында рәсімдер әкімшілері үшін жұмыс орны құрылған «Салық төлеуші кабинеті» (бұдан әрі – СТК) ішкі жүйесі іске асырылды және іске қосылғанын хабарлайды.

      Бұл ішкі жүйесінде ақпараттық хабарламалар қалыптастыру және МКО-на жіберу, кредиторлардан талаптарды электронды түрде қабылдау және оларды қарау, бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды, хабарламаны орындамау туралы шешімдерді, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау (әкімші) нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды электрондық түрде алу, банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, борышкерлерге қатысты осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат алу,  кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және МКО-на жіберу, электронды түрде ағымдағы есептерді алу және т.б. функционалдар іске асырылған.

      2024 жылдың 7 қазанынан бастап банкроттық және оңалту рәсімдерінің әкімшілеріне https://knp.kgd.gov.kz ішкі жүйесінде есептерді тіркеу және ұсыну мүмкіндігі берілген.

     Электрондық құжат айналымы әкімшілер мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылды түбегейлі жақсартуға және жеделдетуге, есептерді тәуліктің кез келген уақытында, мемлекеттік кірістер органына келмей-ақ жіберуге, есептерді электронды түрде сақтауға мүмкіндік береді.

      Бұл ішкі жүйе жаңа бағдарламалық өнім екенін ескере отырып, Комитет салық төлеушілерге практикалық және әдістемелік қолдау көрсетудің келесі жолдарын ұсынады:

  1. +7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау;
  2. «Қолдау-кері байланыс» бөлімінде СТК СӘИЖ тікелей сұрау жіберу мүмкіндігі. Жауап профиліңізде көрсетілген электрондық пошта мекенжайыңызға жіберіледі. Сондай-ақ, сұрауыңызды СТК СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электрондық поштасына жіберуге болады;
  3. СТК СӘИЖ жұмыс істеу нұсқаулары тікелей СТК СӘИЖ Қолдау – Анықтама – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналасқан. 1. +7(7172)73-55-11 және +7(705)956-53-71 телефондары бойынша тұтынушыларды қолдау.