Date of publication: 20.09.2017 17:44
Date of changing: 20.09.2017 17:45

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Астана1» ақпараттық жүйесінде қолданушыларды тіркеу, алдын ала ақпараттандыру, транзит, өткізу пунктері және декларациялау сұрақтары бойынша Call- center ашылды.

«Астана1» жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба міндеті кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.

«Астана -1» ақпараттық жүйесі 5 жұмыс істеп жатқан кедендік жүйелерін біріктіріп және уәкілетті органдарының жүйелерімен ықпаландырады, бұл тауарларға арналған декларацияларды электрондық түрде құжаттарды қағазсыз ұсынуға мүмкіндік береді.

Егер «Астана1» ақпараттық жүйесі  бойынша Сізде сұрақтар туындаса келесі телефон нөмерлер арқылы қоңырау шалуға болады:

- қолданушыларды тіркеу бойынша тел.(87162) 72-11-60/72-11-66

- алдын ала ақпараттандыру, транзит және өткізу пунктері туралы тел.(87162) 72-11-27

- декларациялау сұрақтары бойынша тел.(87162) 72-28-90/72-25-45/72-17-18

 «Атбасар» кедендік бекеті  тел.(871643) 5-44-15/5-44-16

 және «Бурабай АЭА» кедендік бекеті  (871636) 4-39-36.