Date of publication: 17.11.2017 15:11
Date of changing: 17.11.2017 15:12

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында, Ақмола өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының алаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі басқарамасы, Прокуратура қызметкерлері және бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кәсіпкерлер Палатасының құқықтық мәселелері бойынша бастығынын орынбасары Валентина Геращенко кіріспе сөзінде  қылмыстық процесті жаңғыртудың жаңа заң жобасы қазан айында Мәжіліске қарау үшін берілді деп атап өтті.

Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, 2010 жылдан 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру мақсатында қайта қаралған болатын. Тұжырымдама кіріспесінде жаңа институттардың негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті дамуына одан әрі дамытуға бағытталған, қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау көздеген.

2014 жылғы шілдедегі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің және екі жылдан аса іс-тәжірибесін қабылдау (1 қаңтар 2015 ж.) олардың қолданылуы басталған реформалардың дұрыстығын растады.

     Мемлекеттік кірістер департаменттің экономикалық тергеу қызметінің қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы  Ильяс Битимбаев құқық қорғау қызметінде қылмыстық процестің өзге де аспектілерін жетілдіруде мемлекет жүргізіп отырған реформалардың негізгі бағыттарын сипаттап берді.

Қылмыстық процестерді жаңғыртуға және құқыққорғау қызметінің бірнеше жақтарын жетілдіруге бағытталған жаңа заң жобасы талқылауда. Қылмыстық процестердің маңызды сәттерін үйлестіретін бұл заңнамалық құжат бірқатар талаптарға жаңа көзқараспен қарайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:

- адам құқығын қорғауды нығайту,

- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру,

- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,

- соттық бақылауды кеңейту,

- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

Заң жобасы азаматтар үшін маңызды сұрақтарды реттейді.

Басты өзгерістерді атап өтсек:

1. Қазақстанда азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр. Ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Санкциясыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайту ұсынылып отыр. Іс жүргізуді жетілдірудің үлкен жетістіктерінің бірі. 48 сағат –бұл әлемдік тәжірибе.

72 сағат тек қана келесі қылмыстар бойынша қолданылады:

1) аса ауыр қылмыстар,

2)    террористік немесе экстремистік қылмыстар,

3)    қоғамдық ретсіздік,

4)    ұйымдасқан топтар,

5)    есірткі заттарының айналымы, өлімге алып келетін қылмыстар.

2. Экономикалық қылмыстар бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылмайды.

Аталған қылмыстар адамдардың өміріне қауіп төндірмейді. Сонымен бірге, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржылық пирамидалар және ұйымдасқан қылмыстық топтар, рейдерлік қылмыстары бойынша «қамауда ұстау» шарасы қолданылады.

Бұдан бөлек, заңнамалық актіден Кодекске салықтық тексеру актісі немесе ревизия қорытындысы, жасалған мәміленің жалған екендігін растайтын сот шешімі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға болмайтындығы енгізілген.

3. Қылмыстық істерді тергеудің электронды форматқа көшуі.

         Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.

         Тергеушілердің жұмысын жеңілдету анық көрінеді. Бұрын соттың санкциясын 3 тәулік күтсек, қазіргі таңда бірнеше сағатта алуға болады.

         Әр жүйеге кіру, тергеушінің әрбір әрекеті компьютермен қадағаланады. Жаңа жүйе өзгерістер мен жалған мәліметтерді енгізуге жол бермейді.

Бұл жаңа тәсілдердің барлығы азаматтардың құқыққорғау жүйесіне деген сенімін арттыру үшін жасалуда.

Шара барысында алдағы реформа туралы сындарлы пікір алмасу болды.