
Акмола облысының аймақтық Орталық коммуникация қызметінде Қаржы секторының «Қайта жүктеу». Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тақырыбындағы брифинг өткізілді.
Мемлекеттік кірістер департаменті басшынының орынбасары Саят Саукомбеков баяндады.
Саят Махметұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмысы экономика саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың жолын кесуге және анықтауға, мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталғаннын айтты.
Ағымдағы жылы жалпы өндірісте 99 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі болған, оның 56-сы немесе 56,6 пайызы экономикалық қызмет саласына жатады.
55 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған.
Акцизделетін өнімдерді заңсыз сатуды болдырмау шеңберінде 90 млн тенге көлеміндегі ақысы төленбеген акциздер бойынша 370 мың бөтелке алкогольдік өнімі, 3 тонна спирт және 30 мыңнан астам темекі қорабы заңсыз айналымнан алынды.
Көкшетау қаласындағы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының қызметінің жолын кесті.
Қаладағы сауда орындарында заңсыз бизнесті кеңейту және құмар ойын-сауық жабдықтарын кедергісіз орналастыру мақсатында Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне күдіктілер ай сайынғы негізде 250 мың тенге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған.
2018 жылы 12 маусым күні Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі мен Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жедел шаралар өткізу нәтижесінде ақшалай қаражаттарды беру барысында күдіктілер ұсталған.
Прокурормен кінәсін мойындау туралы процестік келісімге қол қойылуына байланысты, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және лауазымды қызметкерге айтарлықтай мөлшерде пара беру туралы фактісі бойынща күдіктілер сотқа жіберілген.
Бизнес қоғамдастығына еске салғым келеді, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғалармен бірге заңсыз ойын бизнесін орналастыруға үй-жай берген тұлғалар да үй-жайлары тәркілене отырып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыссыздарды қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуы басты назарға алынды.
Осындай жағдайлар бойынша 26 іс өндірісте, оның 18-і аяқталып сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған. Төленген залал мөлшері 16 млн тенгені құрайды немесе көзделген соманың 36 пайызын құрайды.
Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік бабының қылмыс ретінде алынғанымен, әлі де төленбеген салықтар түріндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне үлкен залал келтіруде.
Өз кезегінде, жалған шот-фактура жазғаны және салықтан жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті ешкім алып тастаған жоқ және осындай қылмыс түрлерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде жұмыстар атқарылуда.
Осылайша, ағымдағы жылы екі қылмыстық топты қолға түсірді, олар іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетілмей және тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактура жазуды көздеген.
Іздестіру барысында күдіктілерден түрлі заңды тұлғалардың 20 мөрі, бухгалтерлік құжаттама және кеңсе жабдығы алынды.
Қазіргі уақытта олардың контрагенттері салықтан жалтарған сомасы анықталуда.
Бұдан бөлек, Экономикалық тергеу қызметінің қызметіне Жаңғырту 3.0, «Салықтарды жинауды ұлғайту» жобасы шеңберінде және жаңа тәсілдерді енгізуге құқыққорғау, салық және кеден қызметкерлерінен «Fusion Center» жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының қызметкерлері Қаржылық бақылау комитетімен өзара байланысады, кедендік, салық және құқыққорғау қызметтерінің республикалық ақпараттық базаларына қол жеткізе алатын арнайы компьютерлік құрылғымен жабдықталған.
Жұмыс тобы мыналарға бағытталған:
- айтарлықтай, жүйелі, резонансты қылмыстарды анықтау;
- экономиканың түрлі салаларында айтарлықтай мөлшерде залал келтірілген қылмыстық сызбалар;
- мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру.
- сондай-ақ, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту.
Ақпараттық дерекқорларға тікелей қол жеткізу арқасында, кәсіпкерлік
қызметке кедергі келтірместен, заңсыз қаржылық сызбаларды анықтауға, айналымдарды жақындату, салық жүктемесінің коэфициенті, жұмысшылардың саны, мүліктік және басқа да белгілері арқылы талдау жүргізіледі.
Қазіргі уақытта, «Fusion Center» жұмыс тобымен 8 қылмыс анықталды, олар бойынша дәлелдемелер жинақталуда.
Осылайша, ессіз қала тұрғыны, Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабына сәйкес, заңда көзделген салықтарды төлеу әркімнің борышы және міндеті екенін біле тұра, бюджеттік қаражаттарды жымқыру және салықтарды төлеуден жалтару мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖШС-ны сатып алды және ниеттерінің және әрекеттерінің құқыққа қайшы екенін ұғына отырып, әр түрлі тұлғаларға тіркеп, құрылтайшылары мен директорларын бірнеше рет өзгертті.
ЖШС-ның қызмет көрсету кезеңінде, яғни 4 жылдан аса серіктестікке Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде 2 млрд. астам бюджеттік қаражаттары аударылған, оның ішінен төленген салық мөлшері − 25 млн тенге.
Бүгінгі күні, 280 млн тенгеден асатын мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны туралы фактісі бойынша қылмыстық топты ұйымдастырушы қамауда алынды.
Қолданысқа енгізілген объектілерде жобалық-сметалық құжаттамамен орындалатын нақты жұмыстар мен аяқталған жұмыстар туралы актілер арасында сәйкессіздік бар.
Салынып жатқан объектілер бойынша талдау жүргізілуде.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта 400 млн тенгеден астам сомаға жасалған мәмілелерді заңсыз тану туралы 6 талап арыз және жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеті жоқ ЖШС-ны мемлекеттік тіркеуден алып тастау туралы 1 талап арыз берілді.
Заңды тұлғалардың бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша салықтық есебі тұрақты негізде талданады.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толық деректері жария етілмейді.
Олар прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сол көлемде жария етілуі мүмкін.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасы