Date of publication: 20.09.2019 17:19
Date of changing: 23.09.2019 12:19

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде қызметкерлеріне арналған аппараттық оқу өткізілді.

Департаментінің әдеп уәкілі  Болат Әбетов мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды деп ол өз сөзінде атап өтті.

Мемлекеттiк қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге тиіс.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келе жатыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.

Адам ресурстар басқамасының бас маманы Сәуле Кұдабаева өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері туралы айтты.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тарту ған емес, ол бірақ өмірін, болашағын, жоспарын,мансабын  өзгерту мүмкін.

Халықпен және бизнеспен өзара іс-қимыл қызмет көрсету процестердің цифрландыру маңызды аспектісі болып табылады деп атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік кірістер органдарымен көрсететін 45 мемлекеттік қызметтерден - 30 қызмет автоматтандырылған, оның ішінде 28 –«электрондық үкімет» портал арқылы.

 Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық мемлекеттік кірістер органдарымен  электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсетілген жалпы саны  92 пайыз құрады.

   Казіргі танда сыбайлас жемқорлық көріністерін себептер мен жағдайларын жою, салық және кеден қызметтерін жетілдіру, «адам факторын» барынша азайту,  қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.