Date of publication: 15.10.2019 11:51
Date of changing: 15.10.2019 11:52

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері ауқымды экологиялық қозғалысын қолдап #Birge #JasylQazaqstan республикалық акцияға қатысты.

    Күзгі демалыс күні олар түскен жапырақтардан ауланы тазалап, ағаштар мен бордюрлерді әктеп, жас шырша ағаштарын отырғызды.

Ағаштарды отырғызу бұл жақсы дәстүр -  дейді Мемлекеттік кірістер  департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков  - сонымен қатар нақты іс, өйткені осындай шаралар біздің қаламызды әдемілеуге және көркейтуге жол ашады, осындай жұмыстарды біз әрі қарай жалғастырамыз.

Жалпы Ақмола облысы бойынша "#Birge #JasylQazaqstan" экологиялық акция шеңберінде 13 мың астам ағаштар мен түрлі бұталар отырғызылды.

Табиғаттың эстетикалық сұлулығы, оны туған өлкемізде сақтауға және борыш сезімі мен жауапкершілігін  қалыптастыруға ықпал етеді.