
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ауқымды экологиялық қозғалысын қолдап #Birge #JasylQazaqstan республикалық акцияға қатысты.
Күзгі демалыс күні олар түскен жапырақтардан ауланы тазалап, ағаштар мен бордюрлерді әктеп, жас шырша ағаштарын отырғызды.
Ағаштарды отырғызу бұл жақсы дәстүр - дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков - сонымен қатар нақты іс, өйткені осындай шаралар біздің қаламызды әдемілеуге және көркейтуге жол ашады, осындай жұмыстарды біз әрі қарай жалғастырамыз.
Жалпы Ақмола облысы бойынша "#Birge #JasylQazaqstan" экологиялық акция шеңберінде 13 мың астам ағаштар мен түрлі бұталар отырғызылды.
Табиғаттың эстетикалық сұлулығы, оны туған өлкемізде сақтауға және борыш сезімі мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.