
Акмола облысының өңірліқ коммуникациялар қызметінде «Онлайн бақылау кассалық машиналар» және «Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша өзгерістер туралы» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.
Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері - мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әлия Утекина, өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова, мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова және БАҚ өкілдері қатысты.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметін қолма-қол ақшамен есептесу арқылы жүргізетін салық төлеушілер онлайн кассалық аппаратын қолданулары тиіс. Салық мамандары бұл ретте жеңілдіктер мен артықшылықтар бар дейді.
Онлайн кассалық аппаратқа кезең бойынша көшу 2015 жылдан басталды. Ал 2020 жылы – бұл үрдіс барлық салық салушыларға, оның ішінде патент бойынша жұмыс істейтіндер үшін міндетті болмақ. Облыстағы кәсіпкерлер белсенділік танытып, бүгінде 90 пайыздан астам осындай құрылғы алған. Онлайн кассалық аппарат құны шамамен 60 мың теңге, - дейді мамандар. Бұл ақша белгіленген жеңілдік есебінен кәсіпкерге қайтарылады.
Аталған жеңілдік 2019 жылы онлайн кассалық аппарат алған, арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер қолданылады. Жеңілдіктер жеке-дара табыс салығын төмендету түрінде қарастырылады. Бұл сома 60 мың теңге көлеміндегі бір кассалық аппаратты сатып алуға арналған. Сонымен қатар аталған жеңілдік үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға көзделген.
Үш компонентті интеграцияланған жүйе (бұдан әрі – ҮИЖ)-деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинадан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, Қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жабдықталған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Сонымен қатар бүгінде онлайн кассалық аппараттың баламасы бар. Web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады. Салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметіне пайдалану үшін лайықты кассаның моделін өз таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік бақылау кассалық машиналардың реестрі kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналыстырылғаны туралы хабарлаймыз.
Онлайн аппараттан артықшылығы – үйден шықпай-ақ бизнесіңізді бақылай аласыз. Барлық ақпарат онлайн түрде беріліп, сақталып отырады. Сондай-ақ онлайн чектің мазмұнына қатысты белгіленген талаптар бар.
Салық қызметінің мамандары бүгінде қызметін тоқтатқан барлық кәсіпкерлерге бизнесін және кассалық аппараттарын жабуға шақырады.
2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды. Сол себепті, соңғы күнді күтпей online бақылау-касса машиналарын сатып алуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар шеңбері кеңейтілді.
Қазіргі уақытта сонғы өзгерістер күшіне енгеннен кейін 92 салық төлеушілерінің 29,4 млн. теңге өсімпұлы есептен шығарылды,
Жалпы облыс бойынша рақымшылықпен пайдаланған шағын және орта бизнес субъектілер бойынша 62,1 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды және 242 млн. теңге негізгі борыш сомасында өтелді.
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық басталды.
Оның шарты осындай егер, борышкерлер негізгі борышты өтеген жағдайда, олардың есептелген барлық өсімпұлдары есептен алынады.
Ағымдағы жылғы 12 желтоқсанда 30 мыңға жуық салық төлеушілердің 76,6 млн. теңге өсімпұлы есептен алынды.
Құрметті шағын және орта бизнес өкілдері, азаматтар осы жылдың соңына дейін жалғасатын салықтық рақымшылықты пайдаланыңыз.