Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық және кеден заңнамасының жетілдіру сұрақтары бойынша кезекті консультативтік кеңес отырысы өткізілді.
Отырысқа мемлекеттік фискалдық және бақылаушы органдарының өкілдері, «Нұр Отан» облыстық филиалы, кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер одағы және кеден өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда республикамызда 59 жаңа заңдар өз күшіне еңді, олар мемлекетке, экономикаға және қоғамға жаңа құқықтық ортаны қалыптастыруға жағдай жасайды дейді Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Орымбаев.
Реформалар қазіргі кезде өте маңызды өйткені мемлекеттік экономикаға әлемдік экономикалық дағдарыс әсер етеді.
Қатысушыларға «Салықтық және кедендік біріктірілген кодексі» дайындалып жатқаны туралы ақпарат жеткізілді.
Кодекстің мақсаты салықтық және кедендік ресімдерін біріктіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілері мен сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылар өкілдеріне жеңілдету болып табылады. Жаңа кодексті өңдеу барысында бизнес өкілдері және басқа да қызығушылық білдірген тұлғалар қатыса алады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы форум құрылып, ол арқылы әр қатысушы өзінің ұсынысын жеткіз алады.
Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Гүлжан Мұхамбеталлина Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты белгілі тауарларға кедендік төлемдерін өзгергендігі туралы айтып жеткізді.
Әлемдік сауда ұйымының тізімін шеңберінде кедендік төлемдер келесідей тауарларға: автомобилдер, азық түлік тағамдары, орман материалдары,сымдар және кабелдер, жеңіл өндіріс тауарлары, басқа да бөлек тұрмыстық техника тауарларына төмендетілді.
Егер тауар біздің республикада тұтынылса, онда импорттаушы төлемді төмендетіп төлеу құқығын пайдалана алады. Бірақ бұл тауарлар Қазақстаннан шет елдерге экспортқа өтпеуі тиіс. Егер бұл тауарларды импорттаушы келесідей елдерге сатуға шешсе - Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения онда ол кедендік төлемдері жоғары бағаммен төлеуі тиіс.
Осы төмендеген деңгейімен импортталған тауарларға бақылау жүргізу үшін, мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік және салықтық блоктарынан құрылған мобильды топ құрылды.
Төмендеген кедендік төлемдер деңгей қолданылатын арнайы тауарлардың тізімі және қолдану мерзімі сыртқы экономикалық қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің электронды сайтында https://kgd.gov.kz/ мекен-жайы Әлемдік сауда ұйымы бөлімінде жарияланған.
Отырыс барысында электронды шот-фактураны толтыру ережесі туралы айтылды.
«Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Владислав Гальттың баяндамасында Қазақстан Республикасы Инвестиция министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық банкі салық және кеден баждарын төленгенін растайтын құжаттарын салық төлеушілерден талап ету болдырмау мақсатында екінші деңгейдегі банктерінің мәлеметтерін «электрондық үкімет» төлем шлюзімен интеграциялау мәселесін қарастыруда.
Қазіргі кезде ақша аударылымның төлемі туралы ақпарат 2-3 жұмыс күні аралығында төлем төленгеннен кейін келіп түседі. Бұл салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасына және мерзіміне әсер етеді (салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманы беруге, есеп шоттан көшірме алуға) негізсіз өсімпұл есебі жүргізіледі және инкассалық жарлықтар негізсіз шығарылады.
Ақпараттық жүйені техникалық жағынан жетілдіру барысында тестілік жүйе жүргізілуде. Жұмыстардың жүргізілуі ағымдағы жылдың біріңші тоқсанында аяқталуы жоспарланған, өңдірістік эксплуатацияға енгізу екінші тоқсанда жүргізіледі.
Ақмола облысы бойынша Қәсіпкерлер Палатасының басшысының орынбасары Валентина Геращенко Мемлекеттік кірістер департаментімен жүргізіліп жатқан жұмыстар маңызды және кәсіпкерлік қызметіне өте тиімді және қолайлы деп атап өтті. Осы салада жұмыстар әрі қарай жалғасады деп үмітін жеткізіді.
Соңымен қатар, Консультативтік кеңес отырыста сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары және салық төлеушілерден жаңа біріктірілген салық және кеден Кодексінін жобасына айтылған ұсыныстары қарастырылуда.