Date of publication: 18.05.2020 09:35
Date of changing: 18.05.2020 09:36

     "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 176 бап бойынша кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:

      1) тауарларға арналған декларация;

      2) транзиттік декларация;

      3) жолаушының кедендік декларациясы;

      4) көлік құралына арналған декларация.

 

      - Тауарларға арналған декларация кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.

     - Транзиттік декларация тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

    -  Жолаушының кедендік декларациясы жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.

    -  Көлік құралына арналған декларация халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.