
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 176 бап бойынша кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:
1) тауарларға арналған декларация;
2) транзиттік декларация;
3) жолаушының кедендік декларациясы;
4) көлік құралына арналған декларация.
- Тауарларға арналған декларация кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.
- Транзиттік декларация тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.
- Жолаушының кедендік декларациясы жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде пайдаланылады.
- Көлік құралына арналған декларация халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.