
Қазақстанда «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акция өтуде. Оның мақсаты көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және ел бюджетін толықтыру. Акцияның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіздің сатып алудағы фискалдық түбіртектерді қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы WIPON-ның жаңартылған нұсқасында сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.
Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қыркүйек айында акцияға қатысушылар арасында ай сайын қосымша ұтыс ойыны өткізілді. Кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен 5 жеңімпаз анықталды.
Степногорск қаласының тұрғыны Елена Вострикова блендер жүлдесін алды, Анна Костив Жақсы ауданың тұрғыны - жүлде «Zepter» компанияның сыйлық пышақ жиынтығы, Жарқайын ауданың тұрғыны Анна Нагашпекова LED лампасы иесі болды, Астрахан ауданың тұрғыны Людмила Тур жүлде - «Zepter» компанияның сыйлық пышақ жиынтығы және Kaspi Bаnk Кокшетау бөлімшесінің қызметкері Вероника Ревякина «Maxwell» электроқұймақпісіргіш.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Бүгінгі күні акцияға 2476 ақмолалық қатысуда, олардың 350 жүлдегер атанды.
Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.