Жарияланған күні: 10.11.2020 17:49
Өзгертілген күні: 10.11.2020 17:50

Қазақстанда «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акция өтуде. Оның мақсаты көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және ел бюджетін толықтыру. Акцияның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіздің сатып алудағы фискалдық түбіртектерді қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы WIPON-ның жаңартылған нұсқасында сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  акцияға қатысушылар арасында ай сайын қосымша ұтыс ойыны өткізіледі.

Жарқайын ауданың тұрғыны Анна Нағашпекова LED лампасы иесі болды,

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Бүгінгі күні акцияға 3696   ақмолалық қатысуда, олардың 759 жүлдегер атанды.

Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.