
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығымен және ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген «Бейрезиденттердің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Редакция 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және салық агенттерімен Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді қолданудың негізділігін бақылауды жетілдіруге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
- 101.04-нысанда Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын кірістер көрсетілуі тиіс.
- Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс болып табылмайтын төлемдер де есепке алынады.
Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында есептілікке тек жылдық жиынтық мөлшері 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда ғана аталған төлемдер енгізіледі (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта). Сондай-ақ валюталық қайта есептеу Салық кодексінің 647-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл өзгерістер есептілікте толық ақпараттың көрсетілуіне және оның негізінде жіберілетін хабарламалар санының азаюына әсер етеді.