Жарияланған күні: 13.07.2020 15:23
Өзгертілген күні: 13.07.2020 15:24

2020 жылғы 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері

коронавирус пандемияның құрбаны болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазіргі уақытта еліміз өте ауыр кезеңді өтуде. Індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бұл баршамызға ортақ қайғы. Қара жамылған отбасыларға қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Коронавирус індетімен күресу – азаматтардың пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Біз қазақстандықтарға шыдамдылық, сабыр және денсаулық тілейміз.