Жарияланған күні: 23.04.2020 17:53
Өзгертілген күні: 23.04.2020 17:54

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №36 Шешімімен 2019-nCov коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында тауарларды дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) өзгерістер енгізілді.

Ережеге енгізілген өзгерістердің ішінен 2020 жылғы 18 сәуірден бастап 30 қыркүйекке дейін қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына Одақтың тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін дамушы немесе аз дамыған елдерден - пайдаланушылардан әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін тауар декларациясы тіркелген күннен бастап 6 айдан кешіктірмей сертификаттың түпнұсқасын ұсыну шартымен тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың электрондық немесе қағаздағы көшірмесі ұсынылуы мүмкін.

Бұл жағдайда декларант кеден органына көрсетілген мерзімде тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсыну туралы міндеттеме (еркін нысанда) сертификат көшірмесінің артқы жағында қолмен жазылады немесе басылады.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы жоғарыда көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, тауардың шығарылған жері расталмаған болып есептеледі.