
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап корпоративтік табыс салығы үш бюджеттік сыныптама коды бойынша төленеді:
101105 - мұнай секторы ұйымдары заңды тұлғаларының корпоративтік табыс салығы;
101110 - мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларының корпоративтік табыс салығы;
101111 - мұнай секторы ұйымдары және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің түсімдерін қоспағанда, заңды тұлғалардың корпоративтік табыс салығы.
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет түсімдер сыныптамасына өзгерістер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 11.12.2019 жылғы №1370 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес енгізілді.
Осылайша Ақмола облысының ірі кәсіпкерлік субъектілердің 52 салықтөлеуші 101110 мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларының корпоративтік табыс салығы бюджеттік сыныптама коды бойынша төлейді.
Ірі кәсіпкерлік субъектілердің тізбесін сілтеме бойынша көре аласыздар.