Жарияланған күні: 20.01.2020 17:58
Өзгертілген күні: 20.01.2020 18:02

Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді. Талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады.

Осылайша, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағы нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер қарастырылған.

Аталған түзетуге сәйкес, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.