Жарияланған күні: 15.07.2021 10:22
Өзгертілген күні: 15.07.2021 10:17

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырылатынын хабарлайды:

1) қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей табыс етіледі;

2) электрондық түрде табыс етілген жағдайда – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) 2020 жылғы 31 желтоқсанда келесілер болып табылатын жеке тұлғалар ұсынады:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

– мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);;

- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында анықтама бар, ал Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының Тізілімінің өзі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген.