Жарияланған күні: 02.09.2024 17:37
Өзгертілген күні: 02.09.2024 17:41

Құрметті салық төлеушілер!

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың қыркүйек айына арналған салық күнтізбесін ұсынады.

Күнтізбе салық есептілігін тапсырудың соңғы мерзімін және міндетті төлемдерді еске салады.

Салық төлеушілердің назарына!

5 қыркүйек - Төлемдер

Жеке практикамен айналысатын тұлғаның

ЖТС- (жеке табыс салығы)

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, ЖСО - (жеке сот орындаушылары) алынған кірістерден ЖТС дербес есептейді.

Мұндай тұлғалар ЖТС-н табыс алу айынан кейінгі айдың 5-не дейін төлеу керек.

16 қыркүйек - Салық есептілігі

400.00 - СЕН акциз бойынша Декларация + 421.00 СЕН құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеу

Акциз бойынша декларация 400.00 Н. және құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі 421.00 Н. Акциздерді төлеушілер заңды және жеке тұлғалар болып табылады:

Ø Қазақстан Республикасында акцизделетін тауарлар өндіреді;

Ø акцизделетін тауарларды ҚР-на импорттайды;

Ø ҚР аумағында бензин мен дизель отынын сатады;

Ø акцизделетін тауарды сататын, ол бойынша акциздің төленгені расталмаған тұлғалар және т. б.

СЕН 250.00-электрондық түрдегі активтер мен міндеттемелер туралы

Декларация 250.00-нысанда шет мемлекетте жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақшаның болуы, Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, бағалы қағаздардың, инвестициялық алтынның, 10 000 АЕК-тен астам ақшаның және т. б. болуы көрсетіледі.

20 қыркүйек - Салық есептілігі

328.00-СЕН тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш

Егер Қазақстанның салық төлеушісі тауарды ЕАЭО елдерінен әкелсе, онда ол 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу туралы салықтық өтініш беруге тиіс, оны тапсыру мерзімі тауарларды әкелу айынан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей айқындалады. Сондай-ақ, 328.00 нысаны жазылған ТІЖ-мен салыстырылуы керек.

Төлемдер

Құрылымдық бөлімше үшін акциз+ акциз

ЕАЭС аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) бойынша акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.

ЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша

жанама салықтардың сомалары

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.

25 қыркүйек – Төлемдер

Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары

Төлем көзінен ұсталатын ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер және міндетті зейнетақы жарналары ай сайын табыс төлеу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

КТС бойынша аванстық төлемдер

Осы аванстық төлемдерді төлеу есепті тоқсанның әр айының 25 - күніне дейін тең үлестермен жүргізіледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем

Жарнаманы орналастырғаны үшін бір күнтізбелік ай үшін бюджетке енгізуге жататын төлемақы сомасы келесі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді.

Төлем көзіндегі КТС

Резидент, резидент емес үшін корпоративтік табыс салығын резидент емеске табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде төлеуге міндетті.

Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер

Төлем көзінен ұсталатын ЖТС және әлеуметтік төлемдер ай сайын табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем 25 наурызға, 25 маусымға, 25 қыркүйекке, 25 желтоқсанға дейін төленеді.

Бірыңғай жалақы салығы

Жалақыдан бірыңғай төлемді дәстүрлі есептеу әдісіне ерікті балама ретінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.