
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 мамырда салық есептілігінің келесі нысандарын ұсыну мерзімдері аяқталатынын хабарлайды:
101.03, 101.04 нысандары - төлем көзінен КТС бойынша есеп айырысу;
200.00 нысаны - жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
300.00 нысаны - қосылған құн салығы бойынша декларация;
400.00, 421.00 нысандары - акциздер бойынша декларация және салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу;
570.00 нысаны - экспортқа рента салығы бойынша декларация;
590.00 нысаны - пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
710.00 нысаны - ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
860.00 нысаны - жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
870.00 нысаны - қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша декларация;
880.00 нысаны - цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация;
913.00 нысаны - бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша декларация.
Салықтық есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейінгі соңғы күндері жүйеге және байланыс арналарына жоғары жүктемені болдырмауы үшін салық есептілігін АЛДЫН АЛА тапсыруды ұсынамыз!