Жарияланған күні: 14.12.2016 12:10
Өзгертілген күні: 14.12.2016 12:12

«Достар» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында көңілді тапқырлар клубы өтткізілді.

Іс-шара Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  бастамасымен және облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған облыстық әділет, мемлекеттік кірістер және ішкі істер департаменттерінің талантты жастары қатысып, өздерінің өнерлерімен залға жиналған қауымды тәнті етті.

Сайыс сәлемдесу, Биатлон және «25 жыл біргеміз» атты үй тапсырмасы сияқты үш кезеңді қамтыды. КВН-шылардың дайындығы мен сахнадағы актерлік шеберліктеріне, өздерін еркін ұстауларына қарап, көңіліміз толып, іштей қуанып отырдық.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды облыстық ішкі істер департаментінің «ДВД құрамасы» жеңіп алды, ал, екінші орынға 0,6 балл шамалы кідіріспен Мемлекеттік кірістер департаментінің «Мемлекеттік кірістер достығы» командасы ие болды. Ал, жүлделі үшінші орын «Әділет» командасының еншісіне бұйырды.

Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» атағына ішкі істер департаментінің қызметкері Ертай Мұхамедкәрімов, «Үздік әзіл» әділет департаментінің «Керей мен Жәнібек» сценограммасы ие болса, ал «Үздік актерлік ойын» номинация бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманына Қанат Байкеновқа ешкім тең болған жоқ.

Ойын жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.