
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін тапсырудың соңғы күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылатынын еске салады.
Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке, демалыс күніне сәйкес келеді, сондықтан соңғы мерзім 2024 жылдың 16 қыркүйегіне ауыстырылды.
Сондай-ақ, салық төлеушілерге өз салық міндеттемелерін уақытылы орындау үшін келесі ыңғайлы электрондық сервистерді пайдалануды ұсынамыз:
- «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz);
- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);
- Мобильді қосымшалар: «е-Salyq Azamat», «eGov mobile»;
- Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz қосымшалары.